11.02.2011, 18:23 4343

Елбасы мемлекеттік тілден тапсырған сыннан сүрінбей өтті

Елбасы мемлекеттік тілден тапсырған сыннан сүрінбей өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы мемлекеттік тілден тапсырған сыннан сүрінбей өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеді", - деді Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеп қана қоймай, қазақ тілін жетік білетіндігін көрсеткен.

"Емтихан 1 сағат 27 минутқа созылды. Шығарманы Нұрсұлтан Назарбаев "Илемдік қоғамдастықтағы Қазақстан" деген тақырыпта жазды", - деді комиссия төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны