15.04.2011, 17:41 4781

Елбасы сенат спикері лауазымына Мамиді сайлау жөнінде ұсыныс жасады

Елбасы сенат спикері лауазымына Мамиді сайлау жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы сенат спикері лауазымына Мамиді сайлау жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев палата депутаттарына Сенаттың жаңа спикері лауазымына Қайрат Мәмидің кандидатурасын ұсынған.

"Сенаттың спикері лауазымына Қайрат Ибдіразақұлы Мәмидің кандидатурасын ұсынамын", - деді Н.Назарбаев.

Президент Қ.Мәми "барлық лауазымды қызметтерді лайықты атқарды, қойылған міндеттердің үдесінен шыға білді" деп атап өтті.

"Қайрат Мәмидің кандидатурасы біздің дамуымыздың осы кезеңінде Сенаттың жұмысын тиімді қамтамасыз етуге қолайлы болады деп есептеймін", - деді Мемлекет басшысы.

Қазіргі таңда депутаттар жасырын дауыс беруге кетті.

Мәми Қайрат Ибдіразақұлы - 2009 жылдың 3 сәуірінен ҚР Бас прокуроры.

Алматы облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында 1954 жылдың 9-мамырында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Заң факультетін "заңгер-құқық зерттеуші" мамандығы бойынша бітірген (1976-81). Заң ғылымдарының кандидаты.

1981-90 жж. - Гурьев облыстық сотында судья, төраға орынбасары, төраға. 1990-93 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 1993-95 жж. - Алматы қалалық сотының төрағасы. 1995-96 жж. -Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы. 1996 (сәуір-маусым) - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының міндетін атқарушы. 1996-2000 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы. 2000 ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметін атқарған.

Фото: sco2011.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны