12.01.2012, 14:36 7789

Елбасына қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатыр

"Президент пен елімізге қарсы нағыз ақпараттық-идеологиялық соғыс жүріп жатыр, мен мұны бұрында да айтқан болатынмын", - дейді Е.Ертісбаев "Свобода слова" басылымының бейсенбідегі санында жарияланған сұхбатында.

Астана. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасына қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Президент пен елімізге қарсы нағыз ақпараттық-идеологиялық соғыс жүріп жатыр, мен мұны бұрында да айтқан болатынмын", - дейді Е.Ертісбаев "Свобода слова" басылымының бейсенбідегі санында жарияланған сұхбатында.

Кеңесші "осы соғыстың алдыңғы шебінде Жаңаөзендегі оқиғалар туралы жедел ақпар таратып, халықты жаппай бүлікке шақырған "Республика" басылымы мен "К+" телеарнасы тұр" деп атап өтті.

Е.Ертісбаев ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының Жаңаөзен тақырыбын тек бір жақты бергенін де тілге тиек етті.

Дегенмен ол Жаңаөзендегі оқиғалардың парламент сайлауында "Нұр Отанға" кері әсер етпейтініне сенім білдірді.

"Жаңаөзендегі оқиғалар 15-қаңтардағы сайлауға қалай әсер етуі мүмкін? Жаңаөзен оқиғасы қазақстандықтарды президент жанына топтастыра түседі, мен бұған кәміл сенемін", - деп мәлімдеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны