19.03.2007, 13:19 3306

Еліміз парламентінің өкілдері Ұлыбританияда жүр

19-наурыз. АСТАНА. Kazakhstan Today. Парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов басқарған парламенттік өкілдер 18-22 наурыз аралығында Ұлыбританияда сапармен болады.

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Елшінің хабарлауынша, "Лондонға сапары барысында өкілдер Ұлыбритания парламентінің қос палатасының басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Ұлыбританиялық заң шығарушылармен парламентаралық байланыстарды нығайту, Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болу жөніндегі өтінішіне қатысты "дөңгелек үстел" форматындағы кездесу-пікірталастар өткізеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны