20.10.2006, 12:58 3460

Елімізде облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерінің сайлауы өтуде

АСТАНА. 20-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін елімізде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сайлауға қатысатын 135 үміткер тіркелген",- деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сайлау Ақмола облысының Ақкөл, Есіл, Жарқайың, Зеренді және Қорғалжың аудандары мен Степногорск қаласында; Ақтөбе облысының Ийтеке би, Алға, Ырғыз және Уыл аудандарында; Алматы облысының Балхаш, Қарасай, Кербұлақ, Көксу және Райымбек аудандары мен Текелі қаласында; Атырау облысының Қызылқоға және Мақат аудандарында; Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бородулиха, Глубоковский, Күршім және Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласында; Жамбыл облысының Жамбыл, Қордай және Талас аудандарында; Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда, Қаратөбе, Сырым және Шыңғырлау аудандарында; Қарағанды облысының Ақтоғай, Осакаровский және Нұра аудандары мен Приозерск, Сәтпаев және Теміртау қалаларында; Қызылорда облысының Арал және Жаңақорған аудандарында; Қостанай облысының Амангелді, Иулиекөл, Қамысты, Қарасу және Қостанай аудандары мен Рудный қаласында; Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен қаласында; Павлодар облысының Қашыр,Май және Успенский аудандары мен Екібастұз қаласында; Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар және Тайынша аудандарында; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Созақ және Түлкібас аудандары мен Арыс қаласында өтеді.

Сайлау нәтижесі 26-қазанда жария етіледі. Ол жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады, басқаша айтқанда, әкімдерді тиісті мәслихаттардың депутаттары сайлайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны