20.09.2006, 17:41 2736

Елімізде облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдігінен үміткер 144 адамның аты ұсынылды

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елімізде облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдігінен үміткер 144 адамның аты ұсынылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос құлағдар етті,0 деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кеше 19-қыркүйекте үміткерлердің атын ұсыну кезеңі аяқталды. Икімдіктен үміткер ретінде барлығы 148 адамның аты ұсынылды. Олардың төртеуі өз кандидатураларын кері қайтарып алды. Қазір сонымен 144 үміткердің аты белгілі",- деді В.Фоос.

Оның айтуынша, үміткерлер арасынан 27 адам тіркеуден өткен.

Барлық үміткерлердің жоғары білімі бар, орташа жасы - 48. Ең егдесі 60 жаста болса, ең жасы - 30-да. Бес үміткер - әйел. Үміткерлердің арасында мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, коммерцичлық құрылымдардың өкілдері бар.

Орта есеппен алғанда, бәсекелестік деңгейі бір орынға 2,4 адамнан келеді. 30 аудан мен 7 қалада бір орынға 2 адамнан келсе, 15 аудан мен 3 қалада 3 адамнан, үш ауданда 4 адамнан келеді. Бір ауданда 5 адам үміткер ретінде ат ұсынған.

Үміткерлерлі тіркеу 24-қыркүйекке дейін созылады. Сайлау 20-қазанда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны