20.10.2006, 17:58 3010

Елімізде өткен сайлауда облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың 39 әкімі өз лауазымдарын сақтап қалды

АСТАНА. 20-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін елімізде өткен сайлау қорытындысы бойынша облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың 39 әкімі өз лауазымдарын сақтап қалды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков бүгін комиссияның жиналысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі әкімдерден үміткер ретінде бұл сайлауға 45 адам қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша қазіргі әкімдерден 39 адам өз лауазымын сақтап қалды",- деді О.Жұмабеков.

сайланған басқа 20 әкімнің 17-сі мемлекеттік қызмет жүйесінде, үшеуі жеке меншік құрылымдарда жұмыс істеген, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

"Барлық облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдері сайлаушылардың 50 процентінен астамының дауысын житнап, бірінші турда сайланды",- деді О.Жұмабеков.

Қалалық және аудандық сайлау комиссияларының алдын-ала мәліметіне сәйкес, сайлаушылардың 99,1 проценті сайлауға келді. Дауыс беру барысына әкімдіктен үміткерлердің 121 сенімді өкілі, саяси партиялар мен бейресми ұйымдардан 86 бақылаушы, сондай-ақ, 232 БАҚ өкілі қадағалады.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлау комиссиялары сайланған әкімді 24-қазаннан кешіктірмей тіркеп, оның тіркелгендігі жөніндегі шешімді жоғары сатылы әкімге таныстыруға тиіс. Сайлау қорытындысы туралы хабарлама жергілікті БАҚ-тарда 26-қазаннан кешіктірілмей жариялануға тиіс. Жаңа әкім мәслихат депутаттары мен аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері алдында саяси мемлекеттік қызметкер ретінде ант бергеннен кейін барып қызметке кіріседі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін еліміздің 10 қаласы мен 49 ауданында әкімдер сайлауы өткізілді. Сайлау жанама сайлау құқығының негізінде құпия дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Икімдіктен үміткерлердің атын облыс әкімі балама негізде ұсынған. Бір орынға екіден кем емес үміткер ұсынылды. Икімдерді мәслихат депутаттары сайлады. Облыстық маңызы бар қала мен аудан әкімдері бұл лауазымға 4 жыл мерзіммен сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны