22.08.2006, 11:18 3025

Еліміздегі аудан әкімдерінің сайлауы 20-қазанда өтеді (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 22-тамыз. Kazakhstan Today. Еліміздегі аудан әкімдерінің сайлауы 20-қазанда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Осы жөніндегі қаулы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды. "Отырыста Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалаларында әкімдер сайлауын 20-қазанға белгілеу туралы қаулы қабылданды",- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков.

АСТАНА. 22-тамыз. Kazakhstan Today. Еліміздегі аудан әкімдерінің сайлауы 20-қазанда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Осы жөніндегі қаулы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.

"Отырыста Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалаларында әкімдер сайлауын 20-қазанға белгілеу туралы қаулы қабылданды",- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков.

Қаулыны бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бір дауыстан қабылдады.

Сайлау Ақмола облысының Ақкөл, Есіл, Жарқайың, Зеренді және Қорғалжың аудандары мен Степногорск қаласында; Ақтөбе облысының Ийтеке би, Алға, Ырғыз және Уыл аудандарында; Алматы облысының Балхаш, Қарасай, Кербұлақ, Көксу және Райымбек аудандары мен Текелі қаласында; Атырау облысының Қызылқоға және Мақат аудандарында; Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бородулиха, Глубоковский, Күршім және Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласында; Жамбыл облысының Жамбыл, Қордай және Талас аудандарында; Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда, Қаратөбе, Сырым және Шыңғырлау аудандарында; Қарағанды облысының Ақтоғай, Осакаровский және Нұра аудандары мен Приозерск, Сәтпаев және Теміртау қалаларында; Қызылорда облысының Арал және Жаңақорған аудандарында; Қостанай облысының Амангелді, Иулиекөл, Қамысты, Қарасу және Қостанай аудандары мен Рудный қаласында; Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен қаласында; Павлодар облысының Қашыр,Май және Успенский аудандары мен Екібастұз қаласында; Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар және Тайынша аудандарында; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Созақ және Түлкібас аудандары мен Арыс қаласында өтеді.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында сонымен бірге бүгін сайлау алдындағы шаралардың жоспары бекітілді. Атап айтсақ, қыркүйектің 5 мен 19 аралығында үміткерлердің аты ұсынылса, үміткерлерді тіркеу қыркүйектің 10 мен 24 аралығына белгіленді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары тіркеу аяқталған күннен басталып, 18-қазанға дейін жалғасады. Сайлау нәтижесі 26-қазанда жария етіледі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сайлау жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады, басқаша айтқанда, әкімдерді тиісті мәслихаттардың депутаттары сайлайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны