20.10.2006, 16:04 2971

Еліміздің бірқатар аудандарында әкімдер сайлауының алдын-ала нәтижесі белгілі болды

АЛМАТЫ. 20-қазан. Kazakhstan Today. Еліміздің бірқатар аудандарында бүгін өтіп жатқан әкімдер сайлауының алдын-ала нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мәселен, 140 мыңдай адам тұратын Екібастұзда сайлаушылардың ең көп дауысын қаланың қазіргі басшысы Валерий Набитовский жинады. "Қазіргі әкімнің кандидатурасын Екібастұз қалалық мәслихатының сайлауға қатысқан 15 депутатының 14-і қолдап дауыс берді",- деп хабарлайды қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Екібастұздағы сайлау кезінде ешбір заң бұзушылық тіркелген жоқ. "Екібастұздағы сайлау барысын бақылау үшін түрлі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ-тардың өкілдері аккредитацияланған. Олар дауыс беру барысына жоғары баға берді",- деп хабарлайды сайлау комиссиясы.

Қарағанды облысында да сайлаудың алдын-ала нәтижесі белгілі болды. Мұнда бүгін Ақтоғай, Осакаровский және Нұра аудандары мен Приозерск, Сәтпаев және Теміртау қалаларында әкім сайлауы өтуде. Алдын-ала мәлімет бойынша, Сәтпаев қаласының әкімі Қанат Балмағамбетов, Нұра ауданының әкімі Дауылбай Құсайынов, сондай-ақ, Приозерск қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Бікіров лауазымдарын сақтап қалды. Олардың бәрі де сайлаушылардың 100 процент қолдауына ие болды. Теміртауда қала әкімінің орынбасары Орал Битебаев 17 сайлаушыдан 10 адамның дауысын жинап жеңіске жетті. Ақтоғай ауданында осы аудан әкімінің орынбасары Жарылғап Махмұт 11-ден 9 дауыс жинап жеңіске жетті.

Осакаровский ауданында комиссия дауыс санап жатыр. Сайлау комиссиясындағы ақпарат көзінің хабарлауынша, 7 дауыстан алтауын Осакаровский аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Орал Қаппасов алған. Алайда оның қарсыласы Нұржан Ибілдин мұнай нәтижемен келіспейді. "Қазір комиссия туындаған жағдайдың түйткілін шешуде",- дейді ақпарат көзі.

Бүгін еліміздің 10 қаласы мен 49 ауданында әкімдер сайлауы өткізілуде. 59 орынға 135 үміткер тіркелген.

Сайлау жанама сайлау құқығының негізінде құпия дауыс беру арқылы жүзеге асырылуда. Икімдіктен үміткерлердің атын облыс әкімі балама негізде ұсынған. Бір орынға екіден кем емес үміткер ұсынылуға тиіс. Икімдерді мәслихат депутаттары сайлайды. Облыстық маңызы бар қала мен аудан әкімдері бұл лауазымға 4 жыл мерзіммен сайланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны