17.09.2007, 17:13 2857

Елімізге сапармен келген Сирия Араб Республикасының сыртқы істер министрі қазақстандық әріптесімен кездесті

Елімізге сапармен келген Сирия Араб Республикасының сыртқы істер министрі қазақстандық әріптесімен кездесті.

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". Бүгін Сирия Араб Республикасының сыртқы істер министрі Уалид әл-Муалимнің Қазақстанға сапары еліміздің Сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен кездесуден басталды. Келіссөздер барысында екі жақты ынтымақтастықты, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен саяси диалогты күшейту мәселелері талқыланды. Үкімет мүшелерімен жоспарланған кездесулер барысында қазақстан-сирия сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланатын болады.

Қазақстан араб және мұсылман әлемінің маңызды елдерінің бірі ретінде Сириямен жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береді. Екі ел үшін ынтымақтастықтың маңызды тұстары ретінде мұнайхимиясы мен металлургия, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салаларын айтуға болады.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар саласында Дамаскіде жерленген Ил-Фараби мен Бейбарыс сұлтан секілді тарихи тұлғалар айрықша орында. Қазақстан Сирия астанасындағы Ил-Фараби тарихи-мәдени кешенінің құрылысы мен Сұлтан Бейбарыс мазарын қалпына келтіру ісін қаржыландыру жөнінде шешім қабылдаған болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Уалид әл-Муаллим мырзаның бұл сапары мен оның барысындағы келіссөздер Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың осы күзде жоспарланып отырған Сирияға ресми сапарының дайындығы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны