03.07.2006, 18:31 3023

Эндрю ханзада елімізге ресми сапармен келмекші

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. 3-7-шілде аралығында елімізге Йорк герцогы, Эндрю ханзада сапармен келді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Сапар барысында ханзада еліміздің саяси басшылығымен жүздесіп, Астанада Ұлыбритания елшілігінің ашылу рәсіміне қатысады”,- деді СІМ өкілі.

Йорк герцогы, Эндрю ханзада Орал қаласы мен Қарашығанақ кенішіне барып, «Қазақстан болашағына инвестиция салу» атты мәслихатқа және Қазақстан-Британ техникалық университетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр.

Сапардың мәдени бағдарламасы аясында Йорк герцогы 5-шілдеде Астанада Ұлыбританиялық сазгер Карл Дженкинстің “Тлеп“ атты шығармасының Қазақстандағы премьерасын тамашалайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны