11.09.2009, 15:44 3206

Энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа жүйесін құру қажет - Медведев

Энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа жүйесін құру қажет - Медведев

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресей халықаралық энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа жүйесін құру қажет деп санайды және басқа елдерден осы салада өз ұсыныстарына жауап күтеді. Бұл туралы Ресей президенті Дмитрий Медведев Орынборда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Осы жылдың сәуір айында біз "Энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңаша құқықтық базасына қатысты тұжырымдамалық көзқарас" дегенді тараттық. Атап айтсақ, біз осы саладағы ғаламдық ықпалдастықтың барлық қырларын реттейтін заңдық міндетті құжат дайындауды ұсындық", - деді Д. Медведев.

"Біз Қазақстан мен Ресей арасында да осындай байланыстың болғанын қалаймыз", - деді Д. Медведев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны