15.07.2008, 09:59 1431

ЕО арнаулы өкілі мен Тәжікстан СІМ ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ЕО арнаулы өкілі мен Тәжікстан СІМ ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Душанбе. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Пьер Морель мен Тәжікстан СІМ Хамрохон Зарифи кеше Тәжікстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ, ел мен өңірдегі әлеуметтік-экономикалық және су-энергетикалық даму проблемаларын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан СІМ ақпарат департаментінің бастығы Давлат Назриевтің айтуынша, сұхбат барысында Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы стратегиясының орындалуына баса назар аударылды, онда өңірдегі қауіпсіздік мәселесіне басымдық берілген.

Тараптардың пікірінше, бұл істе Орталық Азия мен Еуропалық Одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен 2008 жылдың 18-19 қыркүйегінде Парижде өтетін алдағы форумның маңызы зор болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны