24.01.2008, 17:31 3167

ЕО Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдерін оқыту және консалтингтік қызмет көрсету жобасын жүзеге асыра бастады

ЕО Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдерін оқыту және консалтингтік қызмет көрсету жобасын жүзеге асыра бастады

Астана. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ЕО Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдерін оқыту және консалтингтік қызмет көрсетуге бағытталған "Шағын және орта кәсіпорындар тек қана алға!" атты жобасын жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды агенттік Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл бастаманың мақсаты - жергілікті шағын және орта кәсіпорындардың мүмкіндіктерін нығайту, оларға Еуропалық әріптестерімен байланысты нығайтуға қолдау көрсету, жергілікті деңгейде бизнес консалтинг пен тренингтер өткізуге септігін тигізу", -деп түсіндіреді баспасөз қызметі.

ЕО тарапынан 200 000 евро көлемінде қаржы бөлуді қарастыратын жобаны "WIFI International Know-how Transfer" компаниясы жүзеге асырады, ол дүниежүзінде Қазақстан , Чехия және Австрияның Сауда-өнеркәсіптік палаталарымен бірлесе отырып, іскерлік мақсаттағы оқыту мен консультациялар беру саласында ауқымды тәжірибе жинақтаған компания.

"Осы жылы Қазақстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасының еліміздің түрлі өңірлерінде жұмыс істейтін қызметкерлері бизнесті басқару және дамыту ісіне машықтанып, ЕО-тың осы саладағы тәжірибесімен танысады. Исіресе жергілікті білім беру орталығын құруға, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге консалтингтік қызмет көрсету бөлімін құруға баса назар аударылады", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл жоба Еуропалық Одақтың "Иріптестік және институционалдық даму" атты ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Ол Орталық Азиядағы іскерлік қоғамдастықпен байланыс аясын кеңейте түсуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны