26.03.2013, 13:41 19520

Ертең Бішкекте қырғыз-қазақ бизнес-форумы өтеді

Бизнес-форум ұйымдастыруды Қырғызстан нарығын тартымды әрі тиімді деп қарастыратын сараптамаға негізделген қазақстандық кәсіпорындар ұсынған болатын.

Бішкек. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Ертең, 27 наурызда, Бішкекте қырғыз-қазақ бизнес-форумы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі Қырғыз Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бизнес-форум ұйымдастыруды Қырғызстан нарығын тартымды әрі тиімді деп қарастыратын сараптамаға негізделген қазақстандық кәсіпорындар ұсынған болатын.

Бішкектегі бизнес-форумға қатысу үшін қазақстандық делегеция құрамына машина құрастыру, құрылыс, фармацевтика, тамақ, жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорындардың 24 өкілі енді. Қырғыз тарапынан шараға 70-тен астам отандық компания мен Қазақстаннан келген әріптестерімен серіктестік орнатуға мүдделі бизнес-қауымдастық өкілдері қатыспақ.

Сонымен қатар бизнес-форумға Қырғызстан нарығына өнім әкелу, экспорттық келісімшарт жасасу бойынша кәсіпкерлерге кеңес беру үшін Қырғызстанның мемлекеттік орган қызметкерлері де шақыртылып отыр.

Екінші рет ұйымдастырылып отырған бизнес-форум барысында екі ел кәсіпкерлері қазіргі байланысын нығайтып, жаңа серіктестер табады, сондай-ақ өз компанияларының өнімдерін таныстыруға мүмкіндік алып, қырғыз-қазақ бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндіктерін қарастырады деп күтілуде.

Екіжақты келіссөздер барысында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тамақ өнеркәсібі, құрылыс, химия өнеркәсібі, фармацевтика, энергетика мен басқа да салалар бойынша сауда-экономикалық айналымына қатысты мәселлерді шешуге мүмкіндік беретін экспорттық келісімдерге қол қойылады деп жоспарлануда.

Іс-шараны Қырғыз Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Kaznex Invest" ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі" АҚ бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Бішкекте өткен бизнес-форум барысында 3 млн доллардан астам қаражатқа экспорттық келісімшарттар бекітілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны