18.09.2012, 17:19 2802

Ертең Павлодарда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ықпалдастығының ІХ форумы өтеді

Бүгін Павлодарда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ықпалдастығының ІХ форумы аясында бизнес-форум ашылады.

Павлодар. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ертең Павлодарда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ықпалдастығының ІХ форумы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Павлодарда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ықпалдастығының ІХ форумы аясында бизнес-форум ашылады.

Оның жұмысына 450-ден астам делегат қатысады. Олар - қазақстандық және ресейлік ірі бизнес-құрылымдардың басшылары, министрліктер мен ведомстволардың, облыстар мен қалалардың, халықаралық даму институттарының басшылары, сарапшылар мен талдаушылар.

Конференция барысында Қазақстан мен Ресейде басымдықты салаларды дамыту, ортақ қаржы нарығын қалыптастыру, инновацияны дамытуға бірлескен қадамдар жасау мәселелері талқыланатын секциялар жұмыс істейтін болады.

Бизнес-форумның ұйымдастырушысы - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Қазақстан Даму банкі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны