01.03.2007, 18:14 3359

Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Орталық Азия орталығын құруға Біріккен Ұлттар Ұйымы 6,58 млн АҚШ долларын бөледі - БҰҰ өкілі

АЛМАТЫ. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Орталық Азия орталығын құруға Біріккен Ұлттар Ұйымы 6,58 млн АҚШ долларын бөледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында БҰҰ Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының құқық қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Тофик Муршудли хабарлады.

"Қазіргі кезеңде орталықты құру жөніндегі жобаның жалпы бюджеті 6,5 млн АҚШ долларын құрайды. Орталықтың Алматыда орналасатындығын ескере отырып, біз бюджетті 1,5 - 2 есеге өсіру туралы мәселені қарастырамыз",- деп мәлімдеді Т. Муршудли.

БҰҰ-ның аймақтық басқармасы өкілінің ақпараттарына сүйенсек, аталмыш орталық толығымен БҰҰ-ның есірткімен және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қаржысы есебінен қаржыландырылады. Жобаның негізгі доноры Финляндия, Ұлыбритания, АҚШ, Италия және Люксембург болып табылады. "Біз аталмыш орталықтың қызметіне басқа да елдер өз қызығушылықтарын танытады деп ойлаймыз",- деп қосты ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, Орталық Азия елдері, Изербайжан мен Ресей БҰҰ-ның көмегімен орталық кеңсесі Алматыда орналасатын есірткіге бақылау қою жөніндегі біріккен ақпараттық-үйлестіру орталығын құруға ниетті.

Бүгінгі күнде, орталық құру туралы келісімге бес елдің - Қазақстан, Изербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қол қойған. Т. Муршудлидің ақпараттарына сүйенсек, жақын күндері келісімге Ресей Федерациясы мен Түрікменстанның президенттері қол қоймақ.

Одан кейін халықаралық келісімді бекіту шаралары басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны