06.02.2008, 16:29 2488

Есірткі өндірумен күресу үшін Ауғанстанда ауыл кәсіпкерлігін дамыту қажет - Илемдік банк

Есірткі өндірумен күресу үшін Ауғанстанда ауыл кәсіпкерлігін дамыту қажет - Илемдік банк

Алматы. 6-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Есірткі өндірумен күресу үшін Ауғанстанда ауыл кәсіпкерлігін дамыту қажет. Бұл туралы Илемдік банктің Ауғанстан үкіметі мен донорлардың қатысуымен Токиода өткен халықаралық жиналысқа ұсынған баяндамасында айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Илемдік банктің сайтына сілтеме жасай отырып.

Баяндамада, мұндай шаралар мен бастамалар есірткінің таралуымен күрестің жалпы стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады, деп айтылған. Бұл стратегияның басқа құрамдас бөліктері құқық қорғау органдарының іс-қимылдары, саяси және әкімшілік шаралар, ахуалды қауіпсіздік тұрғысынан жақсарту, басқару тиімділігін көтеру, қоғамды хабардар ету, есірткіге деген сұранысты төмендету және нашақорларды емдеу болып табылады.

Баяндамада көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, дүние жүзіндегі заңсыз айналымдағы апиынның 90 пайызы Ауғанстанда өндіріліп, шығарылады. "Апиын" экономикасының көлемі заңды жалпы ішкі өнімнің 30 пайызға жуығын жетіп жығылады және де миллиондаған ауғандықтар осы экономиканың пайдасын көруде. Илемдік банк ақпараттарына сүйенсек, бүгінде апиын негізінен Ауғанстанның оңтүстік бес ауданында өндіріледі, бұл жерлерде қауіпсіздік тұрғысындағы ахуал өте тұрақсыз. Сондықтан да баяндама авторының пайымдауынша, осы осал шаруалардың проблемаларын шешу үшін апиын көкнәрінің баламасын өсіруді ұсыну өте маңызды.

Баяндамада шаруалардың жер телімдеріне, несиелерге, азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету ұсынылған. Сонымен қатар, баяндамада іскерлік ауанды жақсартуға себепші болатын және бизнесті дамытуды қолдау бағдарламасының тиімділігін көтеруге бағытталған көптеген ұсыныстар келтірілген. Атап айтқанда, көршілес елдерге өнім тасымалдайтын жүк көліктері үшін жолдарды жақсартып, үлескерлік қаржыландыруды ұйымдастыру, әлеуметтік өнеркәсіптік аймақтар құру, экспорт стандарттарын көтеру және кеден қызметін жетілдіру сияқты ұсыныстар айтылған. Қысқа мерзімді келешектегі негізгі міндеттердің ішінде Илемдік банк ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктер жасауды, ирригация мен мал шаруашылығына қатысты ахуалды жақсартуды, сонымен қатар рентабельді техникалық дақылдар өсіру мүмкіндігін пайдалануды ұсынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны