22.05.2007, 10:49 2556

ЭСКАТО мен Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ықпалдастықты күшейтуде СПЕКА жетекші фактор ретінде қалып отыр - М. Тәжин

АЛМАТЫ. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. "ЭСКАТО мен Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттері арасында ықпалдастықты күшейтуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Орта Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарламасы СПЕКА жетекші фактор ретінде қалып отыр". Бұл туралы кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) 63-ші сессиясы шеңберіндегі министрлер кездесуі барысында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Осыған байланысты, біздің ойымызша, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орта Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарламасының көлік және транзиттік салалардағы жобалары Азия құрлығының Орта Азия және Кавказбен шекараласатын көптеген елдерінде қызығушылық тудыруы мүмкін екендігін атап айтқым келеді", - деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қазақстан республикасының Сыртқы істер министрі "транзиттік-көліктік потенциалды дамыту саласында Қазақстан аймақтың барлық елдерімен кең көлемдегі ықпалдастыққа дайын екендігін" атап өтті. "ЭСКАТО шеңберінде трансазиялық автомобиль жолдарының және трансазиялық теміржол қатынасының желілерін дамыту бойынша үкіметаралық екі маңызды келісімге қол қою мұндай ықпалдастықты кеңейтудің берік іргетасы болып отыр", - деді Қазақстан республикасының Сыртқы істер министрі. "Қазіргі уақытта біздің еліміз осы келісімдерді ратификациялауға дайындалу үстінде", - деді, сондай-ақ, министр.

Марат Тәжин, сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орта Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарламасы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1997 жылы жасалғандығын еске салды. "Қазіргі кезде ЭСКАТО және Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) аталмыш мәселеде маңызды рөл ойнап отыр", - деді М. Тәжин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны