16.02.2007, 15:55 2808

ЕурАзЭҚ әділет министрлері кеңесінің кезекті отырысы 2007-жылдың шілде айында Бішкекте өтеді

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің жанындағы әділет министрлері кеңесінің кезекті 9-шы отырысы 2007-жылдың шілде айында Бішкекте өтеді. Осы туралы шешім 16-ақпанда Астанада кеңестің 8-ші отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

9-шы отырыс аясында кеңес мүшелері ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің әділет жүйесі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру, қоғамдастыққа мүше елдердің заңнамасына халықаралық ұйымдардың шешімдерін орындау саласында салыстырмалы-құқықтық талдау жасау, сондай-ақ, азаматтық хал-жағдай актілерін тергеу саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру мәселелері бойынша жұмыс тобының тындарғандарын саралауды жоспарлап отыр.

"ЕурАзЭҚ-тың дамуында біртұтас құқықтық саясатты қалыптастыру жолымен әділет органдарының ролі өсіп келеді. Иділет министрлерінің кеңесі ЕурАзЭҚ аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың құқықтық негізге ие болуына түрткі болуға тиіс",- деді өз сөзінде кеңестің сегізінші отырысында Қазақстан президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Оңалсын Жұмабеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны