26.06.2008, 18:39 2895

ЕурАзЭҚ елдерінің ғалымдары қазіргі проблемаларды шешудегі ынтымақтастықтың қарқынын арттырулары керек

ЕурАзЭҚ елдерінің ғалымдары қазіргі проблемаларды шешудегі ынтымақтастықтың қарқынын арттырулары керек

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы елдерінің ғалымдары қазіргі проблемаларды шешудегі ынтымақтастықтың қарқынын арттырулары керек. Бұл туралы бүгін ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының құрылтай жиналысы барысында ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің бас хатшысы Тайыр Мансұров мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, ЕурАзЭҚ елдері нақты сектордағы инновациялық технологияларды жоғары қарқынмен дамыту қажет. Сондай-ақ, өзара ынтымақтастықтың перспективалы және болашағынан үміт күттіретін бағыттарының бірі ретінде Қоғамдастық елдерінің көлік саласын дамыту бойынша негізделген ұсыныстарды жасап шығаруға ықпал ету керек. "Ғалымдардың міндеті - құрлықтар арасындағы транзиттік көлік дәліздерін дамытуға ұсыныс білдіру және оған ықпал ету, Еуразия кеңістігінің транзиттік әлеуетін арттыру болып табылады", - деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны