16.03.2007, 13:51 3299

ЕурАзЭҚ интеграциялық комитеті бүгінгі отырыс барысында біртұтас транспорттық кеңістік құру тұжырымдамасын қабылдамақшы

АСТАНА. 16-наурыз. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ интеграциялық комитеті бүгінгі отырыс барысында біртұтас транспорттық кеңістік құру тұжырымдамасын қабылдамақшы. Бұл туралы ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біртұтас транспорттық кеңістік құру тұжырымдамасы дайындалған. Осынау тұжырымдамалық құжатты біз бүгін қабылдауға тиіспіз",- деді Г.Рапота.

"Бұл өте ауқымды құжат. Онда нақты ахуал сипатталып, осы салада болып жатқан жайттарға терең талдау жасалған, бірлескенн іс-қызметтердің кейбір бағыттары ұсынылған", деді ЕурАзЭҚ бас хатшысы.

Оның айтуынша, бұл тұжырымдаманы жасауға Ресей, Қазақстан және Беларусь мамандары тер төкті.

"Тұжырымдама қабылданғаннан кейін біз көлік саласындағы ынтымақтастықтың түрлі қырлары бойынша мемлекетаралық мақсатты бағдарламалар жасау мен оларды жүзеге асыру үшін жұмыс істей бастаймыз. Транзиттік әлеуетті дамыту, жоғарғы ақпараттық технологияларды дамыту, жолдардың техникалық ахуалы сынды көптеген бағыттарда жұмыстар атқарылады",- деді Г.Рапота.

Жалпы алғанда Г.Рапотаның айтуынша, интеграциялық комитеттің отырысының күн тәртібіне 30-ға жуық мәселе қамтылған. "Кеден қызметтері іс-қызметінің әкімшілігін жақсарту, олардың ықпалдастығын арттыру, инвестицияларды қорғау, лизингті дамыту мәселелерін талқылау межеленген. Кедендік одақты құру мәселелері жеке қаралады",- деді Г.Рапота.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны