16.06.2008, 17:32 2684

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің мүшелері Мәскеу қаласында Кедендік одақты қалыптастыру мәселелерін талқылайды

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің мүшелері Мәскеу қаласында Кедендік одақты қалыптастыру мәселелерін талқылайды

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеу қаласында 20 маусымда ЕурАзЭҚ шеңберінде Кедендік одақты қалыптастыру мәселесі жөнінде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетіне мүше өкілдерінің кезекті кеңесі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Ресми өкілдің хабарлауынша, кеңес барысында тараптар 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында мемлекет басшылары бекіткен ЕурАзЭҚ шеңберінде Кедендік одақты қалыптастыру жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын іске асыру бойынша 2008 жылға жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы туралы мәселені талқылайтын болады.

Қазақстан Республикасының делегациясын Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник басқарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны