27.06.2006, 10:34 2606

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы әлеуметтік саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы Қырғызстанда өтеді

БІШКЕК. 27-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Қырғызстанның Ыстықкөл облысында ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы әлеуметтік саясат жөніндегі кеңестің кезекті ІҮ отырысы басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қырғызстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлады.

Отырыс 30-маусымға дейін “Аврора“ пансионатында өтеді. Оған ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлері қатысады.

Тараптар ынтымақтастық аясын кеңейту және министрліктер арасындағы байланысты нығайту перспективасын талқылайды.

ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан енеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны