18.04.2007, 16:30 3201

ЕурАзЭҚ Кедендік одағының құқықтық базасының 90 пайызы құрылды - Рапота

АСТАНА. 18 - сәуір. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ Кедендік одағының құқықтық базасының 90 пайызы құрылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕурАзЭҚ мүше елдердің басшыларымен кездесуінен кейін өткен брифингте ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ЕурАзЭҚ стратегиясындағы басты мәселе Кедендік одақтың құқықтық базасын құру болып табылады және де негізінен барлық құжаттар топтамасы мен ондағы ережелер 90 пайызға келісілген",- деді Г. Рапота. Оның ойынша, Кедендік одақтың құқықтық базасын дайындауға қатысты жұмыстар үстіміздегі жылдың жазында, қоғамдастыққа мүше елдер басшыларының алдағы саммитіне орай аяқталып қалады.

"Қалған құжаттар қазіргі уақытта келісімнен, сарапшылардың өңдеуінен өтуде, сондықтан да қалған уақыт осы мәселелерді пысықтау үшін жеткілікті болады, деп ойлаймын",- деп атап өтті Г. Рапота. Ол, елбасымен кездесуде "сондай-ақ қоғамдастықты дамытуда қандай стратегиялық бағдар ұстану қажет деген мәселелер де қозғалғандығын" хабарлады. "Бұл мәселе мемлекет басшыларының жазда өтетін саммитіндегі басты мәселелердің бірі болатын сияқты",- деп атап өтті ЕурАзЭҚ бас хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны