16.08.2006, 10:35 2905

ЕурАзЭҚ мемлекет басшылары Сочиде өтетін бейресми кездесу барысында бірқатар мәселелерді талқылайды

МИСКЕУ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ мемлекет басшылары бүгін Сочиде өтетін бейресми кездесу барысында бірқатар мәселелер бойынша келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейресми саммиттің күн тәртібінде кедендік одақты құру, Қоғамдастықты дамыту стратегиясы мен тактикасын талқылау, отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық, Орталық Азиядағы су-энергетикалық мәселелерді реттеу, ЕурАзЭҚ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ықпалдастығын тереңдету, Өзбекстанды Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына біріктіру мәселелері сараланады. Бұған қоса президенттер ЕурАзЭҚ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының ынтымақтастығы және ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту перспктивасына қатысты мәселелерді де талқылайды.

Кеше кешке ЕурАзЭҚ мемлекет басшыларына жұмыс бабындағы қонақасы берілді.

Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Ресей мемлекет басшысының "Бочаров ручей" сарайында жиналды. Бейресми кездесуге сонымен бірге Армения президенті Қоғамдастықтың бақылаушысы мәртебесімен шақырылған. Владимир Путин қонақтарды жыл шыраймен қабылдап сарайға шақырды. Жұмыс бабындағы қонақасы барысында ЕурАзЭҚ жетекшілеріне Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадков пен Украина үкімет басшысы Виктор Янукович бірікті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны