15.12.2008, 09:56 1617

ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінде бес жақты форматта 5 шарт қабылданды

ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінде бес жақты форматта 5 шарт қабылданды

Астана. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеу қаласында өткен ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің 22-ші мәжілісінде бес жақты форматта 5 шарт қабылданды. Онда Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың даму перспективалары мен ең өзекті мәселелеріне қатысты бірқатар құжаттар қаралды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтқанда, үкіметтер басшылары Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы мүшелігін тоқтату туралы, Қоғамдастық шеңберінде кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыру туралы мәселелерін қарады.

Кедендік- тарифтік және техникалық реттеу, кедендік әкімшілік істерін жүргізу және басқа салаларда кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын 14 халықаралық шартқа қол қойылды.

Сондай-ақ, әлеуметтік, валюта саясаты, ақпараттық қамтамасыз ету салаларында бес жақты форматта 5 шарт қабылданды.

Үкіметтер басшылары ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің қаржы - экономикалық саясат жөніндегі Кеңес төрағасының "ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерде әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсеру жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы" хабарламасын және ЕурАзЭҚ, Орталық-Азиялық аумақтағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану Тұжырымдамасы жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы туралы және Ұйымның басқа да күнделікті мәселелері туралы хабарламаларды тыңдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны