18.04.2007, 14:52 3043

ЕурАзЭҚ мүше елдер басшыларының ортақ энергетикалық нарық концепциясын әзірлеу және қабылдау туралы шешімдерін барынша тез арада жүзеге асыру қажет - ҚР премьері

АСТАНА. 18 - сәуір. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ мүше елдер басшыларының ортақ энергетикалық нарық концепциясын әзірлеу және қабылдау туралы шешімдерін барынша тез арада жүзеге асыру қажет. Мұндау пікірін бүгін Астанада ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі отырысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ЕурАзЭҚ аясында қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ортақ мұнай және газ нарығын құру, басқару, жұмыс істету және дамыту тәртібі туралы келісімнің жобасы әзірленуде, онда ұлттық мұнай және газ нарығының инфрақұрылымына өзара тең құқылы ену қарастырылған",- деп еске сала кетті К. Мәсімов. Үкімет басшысы осыған байланысты, ЕурАзЭҚ мүше елдер басшыларының ортақ энергетикалық нарық концепциясын әзірлеу және қабылдау туралы шешімдерін "практикалық тәжірибе мен тиісті нормативтік-құқықтық база қолда бар болғандықтан, барынша тез арада жүзеге асыру қажет", деп санайды.

"Отын-энергетикалық саласында келісілген саясат жүргізу ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің экономикалық өсуінің тұрақты және нық болуына маңызды ықпал етеді",- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының үкімет басшысы. Оның пікірінше, аталмыш саладағы интеграцияны дамытудың басым бағыты қоғамдастық елдерінің мұнай және газтранспорттық жүйесінің өзара ықпалдастығын тереңдету, олардың транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану, ЕурАзЭҚ сыртқы және ішкі нарығындағы газ тасымалы жөнінде келісілген экспорттық саясат жүргізу болуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны