17.08.2010, 13:59 4766

ЕурАзЭҚ ортақ астық нарығын құру туралы келіссөздер жүргізеді

ЕурАзЭҚ агроөнеркәсіп саясаты жөніндегі кеңесі аясында (РФ, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) қыркүйек - қазан айларында осы қоғамдастықта ортақ астық нарығын құру туралы келіссөздер жүргізу қайта бастау алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Российский Бизнес-газетіне" сілтеме жасай отырып.

Алматы. 17 - тамыз. Kazakhstan Today - ЕурАзЭҚ агроөнеркәсіп саясаты жөніндегі кеңесі аясында (РФ, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) қыркүйек - қазан айларында осы қоғамдастықта ортақ астық нарығын құру туралы келіссөздер жүргізу қайта бастау алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Российский Бизнес-газетіне" сілтеме жасай отырып.

Келіссөздер РФ астық түсімінің төмендеуіне орай жүргізілуде, деп атап көрсеткен баспа беті.

Газеттің мәліметтеріне сүйенсек, ЕурАзЭҚ біріккен жаңа астық құрылымы негізінен Беларусь пен Қазақстаннан РФ құрғақшылық пен орман өртінен зардап шеккен аймақтарына шемшөп астығы мен жоғары сұрыпты бидай тасымалдауды жоспарлап отыр.

2005-2009 жылдардағы мәліметтерге сүйнсек, Ресейдің астық импортының 55 пайызын Қазақстан қамтамасыз етсе, 15-16 пайызын Қытай, 7-7,5 пайыздан Украина, Беларусь, Германия және Польша қамтамасыз етіп отырған, деп атап көрсетті газет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны