19.04.2007, 17:54 3099

ЕурАзЭҚ-тың бір шешуші міндеті - Шығыс пен Батыс арасында сауда көпірін құруға саяды - Рапота

АЛМАТЫ. 19-сәуір. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ-тың бір шешуші міндеті - Шығыс пен Батыс арасында сауда көпірін құруға саяды. Бүгін Алматыда ҮІ Еуразиялық медиа-форумда сөз сөйлеген ЕурАзЭҚ бас хатшысы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз ЕурАзия дегеніміз - Еуропа мен Азияның арасындағы көпір дегенді жиі айтамыз. Іс жүзінде сауда-саттық мәселесіне келсек, ол шынайы көпірге айнала алған жоқ. Біз қоғамдастық аясында түсінеміз және оны Шығыс пен Батыс арасында сауда көпіріне айналдыруды шешуші міндетке балаймыз",- деп мәлімдеді ЕурАзЭҚ бас хатшысы.

Г.Рапотаның хабарлауынша, дегенмен, Шығыс Азия мен Батыс Еуропа арасындағы тауар айналымы жылына 600 млрд долларға жетіп отыр. "Еуразияның аумағы арқылы осы жалпы ағынның 1 проценті тасымалданады, ал қалған бөлігі теңізбен жүреді",- деді ол.

"Егер біз оны нағыз көпірге айналдырғымыз келсе бұл ағынның көлемі анағұрлым артуға тиіс. Ал бұл толымды экономикалық ресурс. Бұл шикізатқа тәуелділіктен құтылу. Бұл экономикаларды дамытудың бір жолы",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны