25.09.2006, 18:13 2749

ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті қоғамдастықтың халықаралық іс-қызметінің тұжырымдамасының жобасын талқылайды

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетінің 30-шы мәжілісі барысында қоғамдастықтың халықаралық іс-қызметінің тұжырымдамасының жобасы талқыланады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мәжіліс барысында келешекте ЕурАзЭҚ-тың жоғары органдарына қарастыруға берілетін құжаттардың, соның ішінде Қоғамдастықтың халықаралық қызметі тұжырымдамасының және 2007 жылға арналған ЕурАзЭҚ бюджетінің жобаларын талқылау жоспарлануда. Отырысқа еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник басқарған өкілдер қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны