22.12.2009, 14:51 3198

Еуразиялық одақ нақты құрылу сипатына көшті - Назарбаев

Қазір " Еуразиялық одақты құру туралы біздің бастамамыз нақты сипатқа көшті". "Бұл - Біртұтас экономикалық кеңістік құрудан кейінгі келесі кезең. Біз білетіндей, Еуропалық Одақ бұл қашықтықтан 57 жылда өткен, ал бізде оны біршама қысқа мерзімде іске асыру мүмкіндігі бар", - деді президент.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Еуразиялық одақ нақты құрылу сипатына көшті. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту бойынша келіскен түрде жұмыстар атқара беруге мәмілелестік, бұл шешім Біртұтас экономикалық кеңістік құруға негіз қалайды. Біз 19 желтоқсанда Алматының іргесінде "Жол картасына" қол қойдық, ондағы мақсат - 24 айда құжаттарды қабылдап бітіріп, мемлекеттеріміз үшін ортақ нарық құру. ТМД елдерінің арасында бұл ұйымға мүшелікке өтуге ниет білдірген елдер бар - әрине, оларға тиісті процедурадан өтуге тура келмек", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, қазір " Еуразиялық одақты құру туралы біздің бастамамыз нақты сипатқа көшті". "Бұл - Біртұтас экономикалық кеңістік құрудан кейінгі келесі кезең. Біз білетіндей, Еуропалық Одақ бұл қашықтықтан 57 жылда өткен, ал бізде оны біршама қысқа мерзімде іске асыру мүмкіндігі бар", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны