28.03.2007, 16:11 3169

Еурокомиссия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төраға болу мәселесі бойынша Қазақстанды қолдайды

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Еурокомиссия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төраға болу мәселесі бойынша Қазақстанды қолдайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Еурокомиссияның сыртқы байланыстар және Еуропаның көршілік саясаты жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер мәлімдеді.

"Егер кейбір реформалар жүзеге асырылып жатса, біз Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төраға болуын қолдаймыз",- деді ол.

"Президент Назарбаев жуырда өз сөзінде бірқатар реформалар жүзеге асырылады деді. Біз осыны көргіміз келеді",- деді Еурокомиссияның комиссары.

"Орталық Азиядағы бірінші елдің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымын басқару мүмкіндігін алуы жақсы қадам болар еді",- деп санайды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны