11.12.2007, 12:57 1586

Еурокомиссия Қырғызстанға жаңа көмек ретінде 9 млн еуро бөледі

Еурокомиссия Қырғызстанға жаңа көмек ретінде 9 млн еуро бөледі

Бішкек. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Еурокомиссия Қырғызстанға жаңа көмек ретінде 9 млн еуро бөледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Еурокомиссияның Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстандағы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еурокомиссия бұл қаржыны "секторлық саясаттағы әлеуметтік қорғауды қолдап, 2004-2009 жылдары мемлекеттік қаржыны басқару" бағдарламасы аясында көмек ретінде ұсынып отыр. Сондай-ақ, қаржыны әлеуметтік жәрдемақы жүйесін жетілдіру, балалардың денсаулығын сақтау, мемлекеттік бюджетті басқаруды жақсартуға, қысқа мерзімді мемлекеттік кепілдік бағдарламасын іске асыруға пайдалану жоспарланған", -деп хабарлайды өкілдіктегілер.

Өкілдіктің мәлімдегеніндей, 9 млн еуроның 8,5 млн бюджетті қолдауға жұмсалса, 500 мыңы-техникалық көмекке бөлінеді. Бұл Еурокомиссия мен Қырғызстан Республикасының үкіметі арасында қол қойылған қаржылық келісімде қарастырылған. Мемлекеттік бюджет бойынша грант 2008 жылы 4,5 және 4 млн еуро болып екіге бөлініп беріледі.

Секторлық саясатты қолдау жөніндегі бағдарлама Қырғызстанның азық-түлік қауіпсіздігін қолдау шаралары аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлады Еурокомиссияның өкілдігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны