06.04.2007, 19:04 3594

Еуроодақ пен Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының ынтымақтастығының негізі терроризммен және есірткі транзитімен күрес болуы мүмкін - Еуроодақтың арнайы өкілі

АСТАНА. 6 - сәуір. Kazakhstan Today. Еуроодақ пен Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының түйісу нүктесі халықаралық терроризммен, сондай-ақ есірткі транзитімен және өндірумен күрес мәселесі болуы мүмкін. Мұндай пікірін "Шанхай ынтымақтастық ұйымы: Еуроодақпен серіктестік мүмкіндіктері" тақырыбындағы халықаралық бас қосуда Еуроодақтық Орта Азиядағы арнайы өкілі Пьер Морель мәлім етті.

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бас қосу сейсенбіде Германияның сыртқы саясат және германия экономикасының шығыс комитетінің бастамасымен Берлинде өткен. Оған ШЫҰ бас хатшысы Болат Нұрғалиев, Еуроодақтық Орта Азиядағы арнайы өкілі Пьер Морель, ШЫҰ қатысушы елдердің сарапшылары, герман саяси құрылымдары мен қорларының өкілдері, сонымен қатар Германия астанасындағы елшіліктер қатысты.

Бас қосу барысында ШЫҰ болашағы мен өзекті ахуалына қатысты, ЕО қоса халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу мүмкіндіктері туралы пікір алмасылды.

Сондай-ақ, бас қосу барысында Герман экономикасының шығыс комитетінің басшысы Клаус Мангольд Германиялық және еуропалық іскерлер тобы Шанхай ұйымына мүше елдермен экономика саласы мен энергетикалық жобалардағы серіктестіктерін дамытуға үлкен қызығушылық танытып отырғандығына назар аударды. Еуропалық сарапшылар ЕО пен ШЫҰ арасындағы ынтымақтастықты ресімдеуді ұйымдастырудың әртүрлі үлгілерін айтты. Аталмыш пішімдегі кездесулерді жалғастыруға, оларды тұрақты сипатқа келтіруге екі жақты қызығушылық аталып өтті.

ШЫҰ мүше елдер өкілдерінің баяндамаларында ШЫҰ - блоктық пайымды жоққа шығаратын және де әскери-саяси құрамдас бөлігін дамытуға талпынатын жаңа үлгідегі ұйым екендігіне назар аударылды. Ұйымның басты міндеттері мүше елдерді біріктіретін кең ауқымдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, терроризммен, сепаратизммен, экстремизммен, есірткі тасымалымен күрес, экономикалық ынтымақтастықты, энергетикалық серіктестікті, ғылыми және мәдени өзара ықпалдастықты дамыту болып табылатындығы айтылды. Осыған қатысты ШЫҰ басқа халықаралық құрылымдармен және мемлекеттермен өзара ықпалдастығын дамытуға дайын ашық ұйым болып табылады, деп көрсетілген СІМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны