15.03.2010, 17:41 3340

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстанның ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы бастамасын қолдайды

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстанның ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы бастамасын қолдайды

Астана. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстанның ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы бастамасын қолдайды. Бұл туралы бүгін Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоглы журналистерге берген сұхбатында атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Басқа халықаралық ұйымның өкілдері ретінде біз Қазақстанның ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы бастамасын қолдаймыз және Қазақстан түрлі конференцияларды табысты өткізіп келе жатқанын айта кетуге тиіспін. Қазақстан ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы ретінде биыл еуропа елдеріне жақсы үлгі көрсетуде және еуропалық құндылықтарға да, ұйымды тікелей дамытуға да өзіндік үлесін қоса алады",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоглы 15 және 17 наурыз аралығында Қазақстанға іссапармен келеді деп күтілуде. Бұл туралы журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында мәртебелі қонақ еліміздің жоғары басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында 2004 жылы қол қойылған екіжақты келісімнің негізіндегі дамып келе жатқан ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны