09.03.2010, 18:35 3209

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға іссапармен келеді деп күтілуде

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға іссапармен келеді деп күтілуде

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоглы 15 және 17 наурыз аралығында Қазақстанға іссапармен келеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында мәртебелі қонақ еліміздің жоғары басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында 2004 жылы қол қойылған екіжақты келісімнің негізіндегі дамып келе жатқан ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны