06.06.2012, 10:37 2342

Еуропада Қазақстандық роуд-шоу басталды

Бүгін норвег астанасы Ослода Қазақстанның инвестициялық климаты жобасының тұсаукесеріне арналған Еуропадағы роуд-шоу аясында екіжақты кездесулер басталды. 5-11 маусым аралығында Стокгольм (Швеция), Гаага (Нидерланды), Брюссель (Бельгия) және Лондонда (Ұлыбритания) шикізат емес сектордағы инвестицияға мүдделі отандық жобалардың таныстырылымы өтеді.

Алматы. 6-маусым. Kazakhstan Today - Еуропада Қазақстандық роуд-шоу басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін норвег астанасы Ослода Қазақстанның инвестициялық климаты жобасының тұсаукесеріне арналған Еуропадағы роуд-шоу аясында екіжақты кездесулер басталды. 5-11 маусым аралығында Стокгольм (Швеция), Гаага (Нидерланды), Брюссель (Бельгия) және Лондонда (Ұлыбритания) шикізат емес сектордағы инвестицияға мүдделі отандық жобалардың таныстырылымы өтеді.

Шара ұйымдастырушылары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Экспорт және инвестициялар жөніндегі "Kaznex Invest" ұлттық агенттігінің - бұл солтүстікамерикадан кейінгі екінші роуд-шоуы. Осы жолғы кездесулер көшпелі шаралар маршрутына енген елдердегі Қазақстан елшіліктерінің қолдауымен өтуде.

"Солтүстік Еуропа мемлекеттерінің экономикасы әртараптандырылған және дағдарыс салқынын аса сезіне қоймаған аймақ. Сонымен қатар, ондағы ірі корпорациялар өздерін әлемдік нарықта жақсы жағынан көрсете білді. Осылайша, бұл аймақтардың инвестициялық мол әлеуеті және тікелей шетелдік инвестиция тартуда Қазақстанның қызығушылығын тудырып отыр" - деді өз сөзінде Kaznex Invest басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов.

Жергілікті бизнес-қауымдастықпен кездесу барысында инвестициялаудағы Қазақстанның негізгі артықшылықтары, елімізде бизнес жүргізу ісін жетілдіру үшін заңнамаларға өзгерістер енгізу, инвесторларды мемлекеттік қолдау тетіктері, экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық және серпінді жобалармен таныстыру мәселелері тілге тиек етілді.

Роуд-шоу жұмысына "Самұрық Қазына ҰИҚ" АҚ, "Самұрық-Қазына Инвест" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазақстан Инжиниринг" АҚ, "Технологиялық даму Ұлттық агенттігі", "Теңіз Сервис" ЖШС, "Қазмұнайгаз ҰК" АҚ, "Біріккен химиялық компания" ЖШС, "ҚазАгроФинанс" АҚ, Транспорттық логистиканы дамыту Ұлттық орталығы қатысады. Қазақстандық делегацияны ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин басқарады.

Швецияда делегацияға аты аңызға айналған қазақстандық шаңғышы, олимпиада чемпионы және Қазақстанның Швециядағы Құрметті Консулы Владимир Смирнов катысты. В.Смирнов швед "Scania" компаниясының Орта Азия нарығына шығуында белсенді түрде орын алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны