23.02.2007, 18:07 2924

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда сотта іс жүргізудің әділетті стандарттарын сақтауға одан әрі шаралар қолдану қажеттігін атап көрсетті

АСТАНА. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Жоғарғы сотта таныстырылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының есебінде Қазақстанда сотта іс жүргізудің әділетті стандарттарын сақтауға, соның ішінде жұртшылықтың сот мәжілістеріне бөгетсіз қатысу құқығын, тараптардың теңдік принципі мен дәлел болмай жазықты деп тануға болмайды деген принципті сақтауға одан әрі шаралар қолдану қажеттігі атап көрсетілген, делінген ұйым бүгін таратқан баспасөз баянында.

Есеп Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының 2005-2006-жылдарда ҚР Жоғарғы сотымен ынтымақтаса отырып сот мәжілістеріне жүргізген мониторинг нәтижесін қорытындылайды.

"Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары бұл мониторингті жүргізу арқылы Қазақстан соттарының жұмыс істеу жағдайларының сотты әділетті жүргізу жөніндегі халықаралық стандарттарға және қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін айқындау мақсатын көздеген",- деді ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ибдірашит Жүкенов.

"Сотты әділетті жүргізу құқығы тәртіпті сақтауда, құқықтың үстемдігі мен мемлекеттік мекемелерге деген сенімді нығайтуда маңызды роль атқарады. Бұл есептің міндеті аталмыш мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізуге саяды",- деді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының адам құқығы мәселелері жөніндегі департаменті төрағасының орынбасары Марк Гатри. Ол аталмыш мониторингті жүргізу жөніндегі бастамашы.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер сенімді нығайту мен сотты әділетті өткізу жөніндегі міндеттемесін орындауда ашықтықты қамтамасыз ету үшін соттарға бақылаушыларды жіберуге мүмкіндік жасау міндеттемесін жүктеп алған.

"Қазақстанның сот талқысын әділетті жүргізу құқығына қатысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы алдындағы міндеттемесін сақтауды одан әрі ілгерілету осы саладағы реформаларда шешуші маңызға ие",- деді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығы төрағасының орынбасары Бьерн Халверссон.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы дайындаған 25 сот бақылаушылары елдің 8 өңірінде 730 сот мәжілісіне мониторинг жүргізді. Есепке сот процесстерінің әділіттілік талаптарына сәйкестігіне берілген баға мен статистика, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерге арналған бірқатар нұсқаулар қамтылған.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығы Қазақстан өкіметіне есептегі нұсқауларды орындауға және 2007-жылы да сот мәжілістеріне осындай мониторинг жүргізу жобасын жүзеге асыруға қолдау көрсете береді",- деді Б.Халварссон.

Бүгінгі шараға парламент, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңес, Бас прокуратура, Иділет министрлігі мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны