12.01.2007, 15:26 2751

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін Испания лаңкестікпен күрес және қоршаған ортаны қорғауға баса назар аудармақ

ВЕНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға кіріскен Испания лаңкестікпен күреске, қоршаған ортаны қорғауға және уақытша доғарылған дау-жанжалдарды реттеуге баса назар аудармақ. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы лауазымына кірісу салтанатында сөз алған Испанияның сыртқы істер министрі Мигель Ангел Моратинос мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің Венадағы арнаулы тілшісі.

Испандық министр ұйым төрағасы лауазымындағы Испанияның ұстанатын басты принциптері "басымдылық, табандылық және төзімділік" екендігін атап өтті.

М. Моратиностың баяндамасының бірінші тарауы Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы лауазымына өтініш беруін жан-жақты қолдайтындығына арналған. Бірақ, ресми баспасөз баянында бұл тарау көрсетілмеген. Испандық министр 2007 жылдың қараша айының аяғында болатын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдерінің сыртық істер министрлері кеңесінің отырысында "Қазақстанның ұйымға төраға болуға берген өтініші туралы шешімнің қабылданатындығына" сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Испания бір жыл мерізіммен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы болады, 2006 жылы ұйымға Бельгия төрағалық жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны