10.04.2007, 15:28 2838

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі басшысы Қазақстанның ұйымға 2009 жылы төрағалық етуі туралы мәселе оң шешімін табады деген сенімде

АСТАНА. 10 - сәуір. Kazakhstan Today. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі төрағасы, Испанияның сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Мигель Анхель Моратинос Қазақстанның ұйымға 2009 жылы төрағалық ету туралы мәселе оң шешімін табады деген сенімде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен осы мәселе бойынша Мадридте өтетін министрлердің кеңесі кезінде бір пәтуаға қол жетеді деген сенімдемін",- деді дипломат бүгін Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінің аяқталуына орай өткен брифингте.

М. Моратинос президентпен кездесуінде Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болуға берген өтініші туралы әңгіме қозғалғандығын хабарлады. "Бұл мәселенің шешімі басқа да шешімдер сияқты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының аясында, үстіміздегі жылдың қараша айында Мадридте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданады",- деп еске сала кетті дипломат.

Ол Қазақстан президентінің өзімен елдің демократиялық және әлеуметтік дамуы жөніндегі жоспарлармен бөліскендігін хабарлады. "Меніңше, біз жақсы болашақтың алдында тұрмыз және де Қазақстанның ішкі саясат саласында жасап отырған қадамдарын қолдаймыз",- деп атап өтті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі басшысы.

Ол, сондай-ақ "Испания Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы ретінде Қазақстанның ұйымның іс-қызметіне қосып отырған үлкен үлесін қолдайды", деп атап өтті. "Мен Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы шеңберіндегі көптеген мәселелердің шешімін табуға өте үлкен үлес қосады деп санаймын",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны