09.04.2007, 17:49 3091

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. 9-сәуір. Kazakhstan Today. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі төрағасы, Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар етуінше, М.Моратиностың сапары 10 және 11-сәуір аралығында екі күнге созылады. Мигель Анхель Моратинос сапар барысында Қазақстанның жоғарғы басшылығымен жүздеседі.

"Тараптар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының шеңберіндегі ықпалдастықтың сан қырлары мен еліміздің осы ұйымға төраға болу жөніндегі өтінішін ілгерілету мәселелері талқыланады",- деп атап өткен Е.Ашықбаев "Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықыты одан әрі дамытуға да баса назар аударылады", деді.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі төрағасы сонымен бірге бейресми сектор мен Қазақстанның саяси партияларының өкілдерімен де кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны