03.12.2009, 16:05 3106

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі саласындағы заңнамасын талдауға қаржы бөлді

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі саласындағы заңнамасын талдауға қаржы бөлді

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі саласын реттеуші заңнамасын талдауға 500 мың евро көлемінде қаржы бөлді. Бұл туралы бүгін "Тау-кен өнеркәсібі саласындағы еңбек қорғау және қауіпсіздік - заңнама және тау-кен өнеркәсібі саласын реттеудегі халықаралық ең озық тәжірибелер" атты конференцияда Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Томас Мироу мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Т. Мироудың айтуынша, Қазақстан өзінің тау-кен өнеркәсібі саласын реттеуші заңнамасына жан-жақты талдау жүргізуі қажет.

"Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі саласын реттеуші заңнамасына жан-жақты шолу жасау және оны жетілдіру жөнінде шешуші нұсқау беріледі. Еуропалық қайта құру және даму банкі Жапония үкіметінің қолдауымен Қазақстан үкіметіне тау-кен өнеркәсібі саласын реттеуші заңнамасына жан-жақты шолу жасау және оны зерттеуді ұсынады", - деді Т. Мироу.

Оның айтуынша, "бұл халықаралық ең озық тәжірибе Қазақстанға көмектесе алатын салаларды анықтауға жәрдемдеседі".

"Бұл зерттеуді жүргізуге 500 мың евро бөлініп, кеңесші айқындалды", - деді банк басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны