08.06.2009, 16:06 3146

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Қазақстанға келмек

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Қазақстанға келмек

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Миров 10-13 маусымда Қазақстанға келмек. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Ресми өкілдің хабарлауынша, сапар барысында Т. Миров еліміздің ұлттық компания басшылары және ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіп, 12 маусымда Қостанайда өтетін ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-ші жалпы отырысына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны