16.10.2006, 16:46 3008

Еуропалық комиссияның сыртқы байланыстар және Еуропадағы көршілестік саясат жөніндегі комиссары елімізге келеді

АСТАНА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Еуропалық комиссияның сыртқы байланыстар және Еуропадағы көршілестік саясат жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сапар аясында ол ел басшылығымен кездеседі. Кездесулер барысында Еуропалық Одақ пен еліміз арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады". "Сапар бағдарламасына сәйкес қонақ сонымен бірге Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде болып, аталмыш оқу ордасының студенттерімен және оқытушы-профессорлары құрамымен кездеседі",- деді ол.

"Комиссар қазақстанда аккредитацияланған Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілерімен кездесіп, Алматыда болады",- деді дипломат.

Бенита Ферреро-Вальднердің елімізге ресми сапары 18-20-қазанға межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны