04.12.2006, 15:56 2849

Еуропалық Одақ 10 жылда Қазақстан кеденін жаңалауға 2 млн. евро жұмсады

АСТАНА. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today. Еуропалық Одақ 10 жылда Қазақстан кеденін жаңалауға 2 млн. евро жұмсады. Бұл туралы бүгін Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшілігінің өкілі Альмут Брунхорст ханым хабарлады.

"Ынтымақтастықтың 10 жылында Еуропалық Одақ Қазақстандағы жобаларға 2 млн. евро жұмсады. Ал осы мерзімде жалпы өңірге 10 млн. евро бөлді",- деді А. Брунхорст "Қазақстанның кедендік бақылау комитетін жаңалау және модернизациялау" атты жобаның аяқталуына арналған баспасөз мәслихатында.

Ал ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сержан Дүйсебаевтың айтуынша, биыл жүзеге асырылған Қазақстанның кедендік бақылау комитетін жаңалау және модернизациялау жобасының бюджеті 730 мың евроны құрады. "Биыл Еуропалық Одақ тағы да 340 мың евроны Қазақстан кеденіне арнап жабдықтар сатып алуға бөлді".

С.Дүйсебаевтың хабарлауынша, аталмыш жоба аясында Қазақстанның кеден қызметі кеден ісі саласындағы заңнамаға талдау жасау, халықаралық әуежайлардағы іріктемелі бақылау жүргізу мен тәуекелдерді талдау жүйесінің тиімділігін арттыру, кедендік аудит пен кедендік бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіру, мамандар ресурсын басқару стратегиясының жобасын жасау тәрізді бағыттар бойынша еуропалық сарапшылардан көмек алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны