02.08.2007, 13:02 2697

Еуропалық одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты жазғы семинарлар сериясын қолдады

AСТАНА. 2 тамыз. Kazakhstan Today. Еуропалық одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты мәселелер бойынша индустрия және сауда саласындағы қазақстандық сарапшылар үшін одақтың "Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісімнің орындалуын қолдау, ІІ кезең" атты жоба аясында Халықаралық зерттеулер институты Женевада ұйымдастырған жазғы семинарлар сериясына қолдау көрсетті. Бұл туралы Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесулер барысында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты мәселелер, атап айтсақ, ауылшаруашылығы, санитарлық шаралар, субсидия бөлу, рынокқа және қаржы нарығына шығу мүмкіндіктері секілді мәселелер жан-жақты талқыланды.

ҚР индустрия және сауда министрлігінің жанындағы сауда саясатын дамыту жөніндегі орталық өкілдері Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге қатысты негізгі келісімдермен, халықаралық дауларды дамыту тәжірибесімен, ұйымға мүшелікке өтудің құқықтық жақтарымен, аймақтық келісімдермен және тариф саясатымен танысты.

Консультациялар аяқталғаннан кейін сарапшылар Женевадағы халықаралық ұйымдардың тұрақты миссиялардың өкілдерімен және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту барысын бақылаушылар тобының мүшелерімен кездесті.

"Еуропалық одақтың мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты келіссөздер жүргізу мен аймақта және елде халықаралық стандарттар мен келісімдердің негізінде өзара тиімді әрі еркін сауда саясатын жүргізуге қолдау көрсету болып табылады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны