09.10.2006, 18:14 3520

Еуропалық Одақ Орталық Азия елдеріне қатысты біртұтас стратегия жобасын жасамақшы

АСТАНА. 9-қазан. Kazakhstan Today. Еуропалық Одақ Орталық Азия елдеріне қатысты біртұтас стратегия жобасын жасамақшы, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз бұнда Еуропалық Одақ Орталық Азия елдеріне қатысты біртұтас стратегия жобасын жасау үшін алғаш рет жиналып отырмыз",- деді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Финляндия сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Пертти Торстилла. "Орталық Азия аймағы Еуропалық Одақтың экономикалық және саяси қызығушылығын арттыра түсті. Еуропалық Одақ Орталық Азия аймағындағы барлық елдермен ынтымақтастықты нығайтудан ниетті",- деп атап өткен П.Торстилланың айтуынша, стратегияға қатысты жұмыстарды Германия Еуропалық Одаққа басшылық ететін мерзімде (2007-2009-жылдарда) аяқтау жоспарланғанын жеткізді.

"Еуропалық Одақ аймақтағы жаңа ойыншыға айналуға және сол арқылы геосаяси артықшылыққа ие болуға ниет білдіріп отырған жоқ. Стратегия Орталық Азия елдерімен жаңаша ынтымақтастық орнату үшін қажет",- деді баспасөз мәслихатына қатысқан ГФР сыртқы істер статс- министрі Гернот Эрлер. Оның айтуынша, стратегия бірінші кезекте Еуропа елдері зардап шегіп отырған есірткі тасымалы, қауіпсіздік, шекаралық бақылау, сондай-ақ, лаңкестік және ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелеріне қатысты болмақ",- деді Г.Эрлер.

"Бұл мәселеде біз аталмыш мәселелермен күресте өзіндік тәжірибесі бар Қазақстандға айырқша маңыз береміз",- деді ол.

Сонымен бірге, Г.Эрлердің айтуынша, стратегияда адам құқығын қолдау, аймақта заңның үстемдігін ортану, білім беру саласындағы бастамашылдық, аймақ елдерінің жалпы экономикалық мүдделері көрініс табады. "Бұл бірінші кезекте энергетикалық және су ресурстарымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны