16.07.2008, 18:36 2881

Еуропалық одақ Орталық Азиядағы проблеманың шешімін Тәжікстандағы қауіпсіздікті нығайтудан көреді

Еуропалық одақ Орталық Азиядағы проблеманың шешімін Тәжікстандағы қауіпсіздікті нығайтудан көреді

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық одақ Орталық Азиядағы проблеманың шешімін қауіпсіздікті нығайтудан, оның ішінде, Тәжікстандағы есірткінің заңсыз айналымымен тиімді күрес жүргізуден көреді. Бұл туралы Душанбеге жасаған екі күндік сапарының соңында Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі Пьер Морель мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі П. Морель сейсенбі күні Душанбеге екі күндік сапарын аяқтаған. Ол сапардың аясында республика президенті Эмомали Рахмонмен, сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифимен және Есірткіні бақылау агенттігінің директоры Рустам Назаровпен келіссөздер жүргізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны