31.03.2008, 13:23 3361

Еуропалық Одақ тарапынан Қазақстанның және осы өңірдің халықаралық істердегі рөлін түсіну деңгейі артып отыр - мемлекеттік хатшы

Еуропалық Одақ тарапынан Қазақстанның және осы өңірдің халықаралық істердегі рөлін түсіну деңгейі артып отыр - мемлекеттік хатшы

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық Одақ тарапынан Қазақстанның және осы өңірдің халықаралық істердегі рөлін түсіну деңгейі артып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Ақордада бүгін Орталық Азия елдері бойынша Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Пьер Морельді қабылдау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастың жолдарын одан әрі кеңейту мәселесі сөз болды.

Кездесуде мемлекеттік хатшы: "президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған көптарапты сыртқы саясаттың контексінде Еуропалық Одақ Қазақстанның табиғи стратегиялық әріптесі болып табылады. Еуразия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық біздің ел үшін аса маңызды әрі оның ауқымы да анағұрлым кең. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуге дайындық қарсаңында, мемлекет басшысының тапсырмасына орай "Еуропаға апарар жол" атты бағдарламаны нақты жүзеге асыру бағытында бұл мәселе өте маңызды сипатқа ие. Бір жағынан қарағанда, Еуропалық Одақ тарапынан Қазақстанның және осы өңірдің халықаралық істердегі рөлін түсіну деңгейі артып отыр. Соның бір айқын көрінісі, өткен жылы қабылданған Еуроодақ пен Орталық Азия елдері арасындағы "Жаңа әріптестіктің стратегиясы",- деп атап өтті.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Еруопалық Одақ арасындағы қарым-қатынас жыл өткен сайын қарқын алып келеді, ол жоғары және ресми деңгейлердегі өзара іссапарлардан, белсенді және тұрақты саяси үнқатысулардан, тауар айналымының бірнеше есе өсімінен (өткен жылы 27,5 миллиард доллардан астам болды) және еуропалық инвестициялардан (тәуелсіздік жылдарындағы инвестиция 65 миллиард доллар болды) айқын байқалады. Иріптестік біздің ортақ мақсаттарымыздың негізін қалап, Орталық Азияның тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарта түсуде, ол өз кезегінде наркобизнес пен халықаралық терроризмді ауыздықтауға әсер етіп, "Иногейт", ТРАСЕКА жобасы негізіндегі Еуропа-Кавказ-Азия көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың мемлекетаралық жобалар бойынша энергоресурстарды тасымалдауды тұрақтандырып, көпнұсқалы жүйе қалыптастырып отыр.

Кездесуде демократия мен заңның үстемдігі, білім мен кәсіби дайындық, сауда мен инвестиция, көлік пен энергетика, шекара қауіпсіздігі мен есірткі саудасына тосқауыл қою, қоршаған ортаны қорғау ынтымақтастықтың ең басты қағидасы болып табылатыны атап өтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны